Ақтөбелік журналистке жедел көмек қажет
Ақтөбелік журналистке жедел түрде көмек қажет. 22 жастағы жігіт қатерлі дертке шалдыққан. Оны тек өте қымбат тұратын ота ғана аман алып қалады. Қонысбек Рысмағанбетов үш жылдан бері "Қазақстан -Ақтөбе" телеарнасында бірнеше хабарды жүргізеді. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас журналист өмірге құштар. Қонысбек Рысмағанбетов "Қайырлы таң, Ақтөбе", "Сөз сарайы", "Болашақ" бағдарламаларын жүргізеді. Жас журналист күтпеген жерден ауыр науқасқа шалдыққан. Жағдайы ауыр, тек дәрінің әсерімен ғана аман жүр. Қонысбекке дәрігерлер бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі диагнозын қойған. Әттеген-айы, бұл дертті жазуға отандық медицина мамандарының күші жетер емес. Дегенмен, Қонысбекке 16 млн 500 мың теңге табылса, Израильдің Шиба клиникасында ота жасалмақшы. Небәрі 22 жастағы әріптесіміздің шұғыл түрде ота жасауына қаражат қажет. Мінезі тұйық, сабырлы Қонысбек сырқатымен бірнеше жылдан бері өзі күресіп келіпті. Тіпті әріптестері мен Шалқарда тұратын жақындары да қатерлі ісікке шалдыққанын екі апта бұрын естіген. Әрі дәрігерлер оған диагнозды бірден қоймаған. Соңғы рет тек Астанада қытайлық ғалымдар сырқатының өте қатерлі екендігін анықтаған. Алматыдағы ұлттық ғылыми орталық: -бұл көп кездеспейтін дерт, сізді пышаққа түсіре алмаймыз деп қайтарыпты. Қонысбекке облыстық "Нұрғасыр" мешіті көмек қолын созды. Тағы "Қызылорда-Қазақстан" телеарнасының журналистері бір күндік жалақыларын аударыпты. Бірақ, ол 16 жарым млн теңгеге жетпесі анық. Уақыт тым аз. Жалынды жасқа көмек бергісі келетін жамағат оның "Центр Кредит" банкіндегі есеп-шотына қаражат аудара алады. |
Количество показов: 2859
Дата создания: 02.10.2012 18:57:45