Ақтөбеге халық қалаулылары келді
Ақтөбеге депутат Гүлжан Қарағұсова бастаған ҚР Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі Комитет мүшелері келді. Бүгін халық қалаулылары "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының ғимаратында өңір басшыларымен бірлесе дөңгелек үстел өткізді. Комитет отырысына облыс басшысы Архимед Мұхамбетов те қатысты. Шағын және орта бизнесті қолдау тақырыбына арналған бұл басқосуда облысымыздағы екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдардың қызметі сөз болды. Жыл басынан бері өңіріміздегі екінші деңгейлі банктер 25 млрд. теңге көлемінде несие берген. Облыстық кәсіпкерлер одағының жетекшісі Анатолий Марченконың айтуынша сол қаражаттың 0,9 пайызы ғана ауыл тұрғындарының қолына тиіпті. Анатолий Марченко облысымыздағы банк филиалдарының орта және шағын бизнесті дамытуда тыңғылықты іс тындырмай отырғанын алға тартты. Сондай-ақ үкімет тарапынан қаржы иституттарын қадағалауды күшейту қажет екендігін де тілге тиек етті. Алайда екінші деңгейлі банктерді ауылға апарам деп аласұрған Анатолий Марченконың пікірі халық қалаулысы тарапынан қолдау таппады. |
Количество показов: 2215
Дата создания: 27.09.2012 19:34:35