Ақтөбеге көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев келді
Бүгін Ақтөбеге көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев келді. Облыстық әкімдікте өткен жиынға қатысқан ведомство басшысы талқыға салған басты мәселе - Ақтөбе арқылы өтетін "Жезқазған- Бейнеу" теміржолының құрылысы болды. 367 шақырымы Ақтөбеге тиесілі шойын жолдың бойында болашақта 20 пункт пен 6 бекет тұрғызылмақ. Жұмағалиев Ақтөбе де шағын қалаларды дамытуға кіріскенін атап өтті. Ол болашағы зор "моноқала" деп Хромтауды атады. Жылдың аяғына дейін облыстағы 15 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа форматқа ауыстырылмақ. Яғни, кедергісіз қызмет көрсету әдісіне көшпекші. Айтып өту керек, 1-ші сәуірден бастап лицензияның барлық түрі тек электрондық нұсқада беріледі. Ал, негізгі мәселе транспортқа келер болсақ, ағымдағы жылы Оралға қарайғы көлік жолы жөнделмек. Қолжетімді баспана, өңірлердің дамуы, зейнетақы жүйесін реформалау, білім беру мен денсаулықты сақтау бүгінгі кездесуде сөз болған мәселелер осылар. Биыл ел аумағында жол құрылысына 13 мың адам тартылған. Өткен 8 айда несиеге 3 мыңнан аса тұрғын үй берілген. 2015 жылға дейін 93 жатақхана күрделі жөндеуден өтеді. Арасында батыс өңірлері де бар. Биыл Ақтөбеде көліктік- коммуникациялық кешенді дамытуға байланысты Мәртөк- Қызылорда жол бөлігінде мобильдік байланыс орнатылады. Министр ауылдарды телефон байланысымен қамту, сандық теледидарды енгізу мәселелеріне тоқталып өтті. 2013 жылдың 2-ші тоқсанында қала маңындағы елді мекен тұрғындары 30 телеарнаны сандық сапада көру мүмкіндігіне ие болады. |
Количество показов: 2408
Дата создания: 04.10.2012 18:43:32