Ақтөбеде әз Наурыз кең көлемде тойланды
Өкпе-ренішті ұмытып, қарыздан құтылатын күн. Халық арасында бұл мереке ұлттық таным бойынша үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік әкеледі деген ұғым бар. Ақтөбеліктер мерекені сән-салтанатымен атап өтті. Ұлыстың ұлы күні «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты концерттік бағдарлама «Қазақ халқына мың алғыс» стелласының алдында өтті. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының әртістері, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қазақ камералық хоры, «Сақтау» этно-фольклорлық тобы, «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі, «Достық сазы» фольклорлық ансамблі, «Дауыс» әншілер ұжымы өнер көрсетіп, тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлады.Количество показов: 40
Дата создания: 23.03.2025 09:57:34