Ақтөбеде ғылыми кеңес өтті
Ең алдымен жаңашыл технологияны меңгерген, сапалы мамандар дайындау керек. Болашақ бағдарламасы арқылы шет елдерге АЭС саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің білімін жетілдіру жұмыстарын қолға алған жөн. Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушылары бас қосып, кеше өткен референдум жайлы, АЭС құрылысы тақырыбындағы өз ойларын ортаға салды.Университет ғалымдары жаңа заманға сай, сапалы салынған атом электр станциясында ең алдымен қауіпсіздік шаралары ескерілуі тиіс. Экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді алып құрылыс елдің әлеуетінің көрсеткіші. Ал, кешегі референдум бұл ғасырдағы ең ірі саяси оқиғалардың бірі дейді ғалымдар.Университет ғалымдары ғылыми кеңесте экологиялық мәселелерді де алға тартты. Сондай-ақ алқалы отырысқа қатысқан халықтың 70 пайызға жуығы референдумда дауыс берген. Бұл халықтық штаб жұмысының белсенділігін көрсетті деп отыр.Количество показов: 228
Дата создания: 08.10.2024 06:33:00