Ақтөбеде тағы да заңсыз казино анықталды
Үстіміздегі жылы Ақтөбе облыстық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесіне қатысты 10 деректі анықтаған. Осының арқасында 2 казино мен 8 ойын мекемесінің жұмысына тосқауыл қойылып, заңсыз айналымнан 2,5 млн. теңге алынды. Қазір аталмыш дерек бойынша қаламыздың Д есімді азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалуда. Сондай-ақ осы жылдың 20-шы қыркүйегінде департамент қызметкерлері қаламызда тағы бір заңсыз ойын мекемесін анықтаған. "Ойын бизнесі туралы" ҚР заңына сәйкес казино мен ойын автоматтары тек қатаң белгіленген аумақтарда ғана орналасуы тиіс. Атап айтқанда Алматы облысының аумағындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Шортанды ауданындағы жергілікті атқарушы билік белгілеген шекте орналасуы қажет. |
Количество показов: 2300
Дата создания: 15.10.2012 18:53:16