Ақтөбеде тағы да 112 қызметкер і сотталды
Сотталушыға абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын. Жұмысына немқұрайлықпен қараған қызметкердің кесірінен көмекке мұқтаж болған әйел көз жұмды. Марқұм 9-маусым күні 112 номеріне хабарласып, өзін біреу өлтірмекші екенін айтқан. Алайда, төтеншелік марқұмның өтінішін елеуді жөн көрмепті. Тіпті тіркемеген де. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Іс №2 сотта қаралды.Количество показов: 265
Дата создания: 20.09.2024 07:43:19