Ақтөбеде үшем дүниеге келді
Аслан, Аян, Алмас есімді үшем дүниеге келді. Салмақтары 2 келіден аспайтын сәбилер 26-шы қыркүйекте жедел жәрдем ауруханасының перзентханасында 7 айлық болып туылған. Аслан, Аян, Алмастың салмақтары 2 келі, 1800 грамм және кенжесі 1250 грамм болады. Үш батырдың анасы - Айгүл Оңалбекованың жасы 29-да. Алғаш рет босанып отыр. Айгүлдің жолдасы экранға түсіп, сұхбат беруге үзілді- кесілді қарсы шыққан. Сондықтан болар бізбен камерадан тыс әңгімелесті. Дегенмен белгілі болғаны үшемді Айгүл жасанды ұрықтандыру әдісімен көтерген. Отбасының иелегінде 2 бөлмелі пәтерлері бар. Айгүл, беріп жатса пәтерін кеңейтуге қарсы емес. Дәрігерлер, Аслан, Аян, Алмасты анасы өзінің сүтімен тамақтандырып жатқандығын жеткізді. Сондықтан үшем күн санап күш жинап келеді. Олар жатқан жедел жәрдем ауруханасында қазір осындай мерзімі жетпей туылған тағы 12 сәби бар. Ең салмағы азы 22 апталық мына 893 грамдық қыз бала. Нәрестелердің көп жағдайда денсаулықтары жақсарып кетеді екен. Айта кетерлігі, осыдан екі жыл бұрын Ырғыз ауданында үшем дүниеге келіпті. Ал, қалада туылған үш қыз қазір 7-ге толып, мектепке барып жүр. |
Количество показов: 2652
Дата создания: 28.09.2012 19:13:54