Ақтөбеде "Мерген ару-2025" сайысы басталды
Осыдан 100 жыл бұрын қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова дүниеге келді. «Отан үшін алға!», деген ұранмен тұтастай бір дивизияға рух берген мерген қыз, небәрі 19 жасында ерлікпен жан тапсырады. Бүгін шығармашылық академиясында артынан өшпес із қалдырған батыр қыздың есімі ұлықталды. Жарыс қатысушыларына Әлия Молдағұлованың өмірінен сыр шертетін бейне материалдар көрсетіліп, 1 минуттың үнсіздік жарияланды.Биыл Ұлы жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан мерейлі іс-шаралар ел көлемінде аталып өтпек. Ақтөбеде пневматикалық мылтықтан нысана көздеу бойынша жарысы басталды. Оған еліміздің 15 өңірінен 80 нен астам мерген ару келді. Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі жарыс 2011 жылы бастау алған. Содан бері қыз балалар арасында "Мерген ару" жарысы тұрақты өткізіліп келеді. Жарыс тек Ақтөбе аумағын ғана емес, республикалық деңгейде ұйымдастырылып жүр. Жарысқа келген мергендердің ішінде Маңғыстау облысының арулары да бар.Бүгін басталған жарыс ертең де жалғасын табады. Нысананы дәл көздеген мергендер үздік үштікке таласады. қатысушылардың барлағына арнайы дипломдар бар. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен кубок берілмек.
Количество показов: 34
Дата создания: 27.03.2025 01:47:05