Ақтөбеде газ мәселесі шешілер емес
Ұзын сонар кезекте тұрудан мезі болған жүргізушілер "жұмысымыз тоқтап тұр",- дейді. Ақтөбедегі жанар-жағармай бекеттерінде сұйытылған газ тапшы. Сондықтан да сауда шектеліп, талонға көшкен.Ағымдағы жылдың қазан айына деп энергетика министрлігі өңірімізге деп 11.388 тонна газ бөліпті. Мұныз өзі аздық етіп отыр. Көлігін газге ауыстырғандар қатары әлдеқайда көп. Қазіргі таңда жергілікті зауыттардан 130 тонна газ жөнелту жоспарлануда. "Біз мәселені шешу үстіндеміз",- дейді ақ жағалылар. Әкімдіктегілердің айтуынша жағдай толық бақылауда және жуық арада газға деген тапшылық бірте-бірте жойылады.Количество показов: 250
Дата создания: 03.10.2024 07:10:02