Ақтөбеде бау-бақша ұжымдары өртенді
Елена Кравецтың айтуынша "Дорожник" саяжайында өрт сағат түскі 14:18 де басталған. Куәгер қүтқарушылардың дер кезінде көмекке келмегенін айтып наразы. Тұрғындар тілсіз жаумен өздігінше күресуне мәжбүр болса керек. Әйтсе де, жалын тез тарап, бірнеше үйді шарпып өткен. Ал құтқарушылар 5 гектар алаңдағы жалынды сөндіргендерін айтады. Баубақша учаскелеріне өрттің ары қарай таралуын оқшауладық, дейді. Өрттің себебі белгісіз.Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, баубақша ұжымында өрттің таралу қаупі жойылды. Тұрғындардың эвакуациясы жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. Ал саяжай тұрғындары шығынға баттық, деп зар жылауда. Олар құтқарушылардың шұғыл келмегеніне ызалы. Өйткені, мұнда газ баллонын қолданып отырған үйлер жетерлік. Тілсіз жаудың салдары үлкен қайғыға әкелу мүмкін еді, деп налиды. Құтқарушылар келгенше бірнеше адам шелекпен су тасып, жалынның жайылуына жол бермеуге тырысқан.
Количество показов: 225
Дата создания: 10.10.2024 00:35:56