Ақтөбеде 8 адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты айыпталушыға сот үкімі шықты
Бүгін нүктесі қойылған сот отырысы 5-желтоқсанда басталған болатын. Өңірімізде бес бала мен мен үш ересек азамат қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша сот үкімі шықты. Оқушылар мен жаттықтырушылардың өліміне шетелдік жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі деп танылды. 37 жастағы айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, кешірім де сұрады. Сот оны 5 жыл бас бостандығынан және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырды.Оқиғаны биыл тамыз айында болған еді. "Самара-Шымкент" халықаралық тас жолының Хромтау ауданының аумағында Toyota Ipsum және МАN маркалы жүк көлігі соқтығысып, Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапты. Автокөліктегі балалар мен ата-аналар басқа облысқа футболдан жарысқа қатысуға жолға шыққан болатын. Сотталушы енді қаза тапқан балалардың отбасыларына 50 млн теңгеге жуық моральдық және материалдық өтемақы төлеуі тиіс.
Қаза тапқан балғындар 6шы және 7ші сыныпта оқыған. Көз жұмғандардың арасында бір отбасының қос бүлдіршіні мен әкесі бар. Чемпион болуды армандаған балғындар өзге өңірге жарысқа бара жатқан болатын. Марқұм болғандардың барлығы да Әйтеке би ауданының тұрғындары.
Количество показов: 32
Дата создания: 20.12.2024 06:15:13