Ақтөбеде 62 мешіт қайта ашылды
Діни қызмет және діни бірлестіктер жөніндегі жаңа заңға сәйкес облысымызда 62 мешіт қайта тіркеуден өтті. Сондай-ақ өңірімізде биыл жаңадан 4 Алла үйінің ашылғаны белгілі болды. Қызметінен мін табылмаған мінәжәт үйлерінің барлығына арнайы сертификаттар табысталды. ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер жөніндегі" заң өткен жылдың қазан айында қабылданған болатын. Жаңа заңдағы жаңашылдыққа сәйкес енді еліміздегі барлық мешіттердің құрылтайшыларының саны 50-ден кем болмауы тиіс. Осы заңның 24-бабында көрсетілген бұл меже тек мешіттерге ғана емес ел аумағындағы барлық діни бірлестіктерге қатысты. Облыстық дін істері департаментінің басшысы Бауыржан Есмаханның айтуынша өңірімізде өзге теріс ағымдағы діни бірлестіктер әзірге тіркелмеген. Сондай-ақ жасырын ашылып, қызметін жүзеге асырып жатқан Алла үйлері де болмай шықты. Осыған дейін облысымызда 73 мешіт қызмет атқарып келген болатын. Енді солардың 62-сі ғана тіркеуден өткен. Ал қалған 11 алла үйінің құжаттары аккредитацияға жіберіліпті. |
Количество показов: 2298
Дата создания: 28.09.2012 19:08:03