Ақтөбеде 300 ден астам науқасқа донорлық ағза керек
Трансплантолог мамандар донорлық ағзаның тапшылығы үлкен қиындық туғызып отырғанын айтып, дабыл қағуда. Жыл сайын ағза ауыстыру бойынша күту парағында тұрған 300ге жуық адам түрлі себептермен қаза табады. Дегенмен, еліміздің медицинасы ағза ауыстыруға толықтай жабдықталған ,дейді мамандар. Айта кетсек, Қазақстан бойынша донорлыққа 6300 азамат келісім берген. Айта кетейік, Ақтөбеде алғашқы трансплантация операциялары 2014 жылдан басталған. 10 жыл ішінде хирургтер ақтөбеліктерге 77 бүйрек және 13 бауыр трансплантациясын жасады, оның ішінде мәйіттік донордан алынған органдар арқылы 9 адам құтқарылды. Соңғы осындай операция 2018 жылы жасалған. Мәйіт донорлығына халқымыз әлі дайын емес, оның бірнеше себептері бар екенін айтады мамандар. Еуропа елдерінде трансплантацияның шамамен 90%-ы мәйіттік донордан алынады. Ал елімізде бұл статистика кері кетіп тұр. Елде донордың 95%-ы науқастың туыстары болса, 5%-ы ғана – мәйіттік донор. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында бауыр және бүйрек трансплантациясын күткендердің тізімінде 300-ден астам адам бар. Республика бойынша донорлық органға мұқтаж 4103 науқас тіркелген, олардың 102-сі — бала. Мәселен, бүйрек - 24 сағат, бауыр - 12 сағат, жүрек пен өкпе - 6 сағатқа ғана шыдайды.Количество показов: 271
Дата создания: 18.09.2024 07:27:27