Ақтөбеде 10 қыз бала жыныстық зорлықтың құрбаны болған
Табысы жоғары елдерде 11 мен 15 жас аралығындағы балалардың төрттен бірі күніне екі не одан да көп рет әлсіреу, ашушаңдық, күйгелектену немесе ұйқының бұзылуы сияқты психологиялық белгілерді бастан өткеретін көрінеді. Егер оларға дер кезінде көмек көрсетілмесе, өмір сүру сапасының төмендеуі мен суицидтік мінез-құлыққа әкеліп соғуы әбден мүмкін, дейді мамандар. Алысқа бармай, Ақтөбенің өзін алсақ әлсіз жасөспірімдер көп. Мәселен, басынан сөз асырмайтын, ата-анасына дегенін жасатқысы келетін балалар көбейіп барады. Бұған өз үйінен кету фактілері дәлел. Тіпті ата-анасына смартфон әпермегені үшін өкпелеп, қашып кеткен балалар бар,-дейді инспектор. Бұдан бөлек кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар дерегі де шошытады. Жылдың алғашқы сегіз айында ғана мұндай 10 дерек тіркелген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды,-дейді инспектор. Балалардың бесіктен белі шықпай жатып басбұзарлыққа баруына не себеп? Әлде себепті жүгенсіз кеткен жөспірімдерді заң алдында жауап бергізіп, жазаға тартқызудың аздығынан ба? Инспекторлар ата-ана тарапынан қадағалаудың аздығы себеп,-деген пікірде. «Әй дейтін əже, қой дейтін қожа» жоқтығынан балалар білгенін істейді. Сондықтан, ата-ана қадағалауын күшейткен абзал.Количество показов: 250
Дата создания: 21.09.2024 07:51:13