1000-нан астам ақтөбелік әскерге шақырту алды
Жасы 18-ге толған ақтөбелік ер азаматтар күзгі әскерге шақырту алды. Кешелі бері мыңнан астам жігіт медициналық тексеруден өтіп жатыр. Бірінші топ әскерге 14-қазанда аттанады. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте күзгі әскерге қабылдау кеше басталды. Шақырту алған ақтөбелік жігіттер кешелі бері медициналық тексеруден өтіп жатыр. Қаладан 50 жігіт кеше алғашқы болып дәрігерлер алдынан өткен. Бүгін Алға мен Қобда аудандарынан келген ер азаматтардың денсаулығы тексерілуде. Күзгі шақырту қағазы барлығы мыңнан астам жігіттің қолына тиді. Бірақ, бұлар әлі іріктеледі. Себебі алда азаматтар психологиялық тестілеуден өтіп, физикалық дайындығы тексеріледі. Алдымен қарулы күштер сарбаздармен қамтылады. Ішкі әскер бөлімдеріне облыстан 300-400 ер азамат іріктеледі. Одан кейін төтенше жағдайлар қызметі жасақталады. Оған 50 шақты жігіт алынады. Республикалық гвардияға 20 ақтөбелік таңдалады. Тағы 100 шекарашы іріктеледі. |
Количество показов: 2598
Дата создания: 02.10.2012 18:57:21