100 жасаған қарттарды қалалық әкімдік құттықтады
Қазақта жеті саны киелі. Қаламызда 100 және одан да ұзақ жасаған қарияларымыздың саны осыншама. Осылардың ішінде ең жасы Бәтима әжей тура 100 жаста. Кейуана тұрып жатқан шаңыраққа бүгін қалалық әкімдік ұжымы ат басын тіреді. Бәтима Жәнібекова Орал өңірінің тумасы. Ғұмырының көп бөлігі Сырым ауданында өткен. Еңбек ардагері, ҰОС ардагерінің жесірі. Соғыс уақытында колхозда сауыншы болып еңбектенген. Зейнетке шыққанынша қара жұмыстан қолы босамапты. Сосын да болар қарттық меңдегені болмаса, 100-ге келген әже әлі де тың. Бүгінде жалғыз қызының шаңырағының қазынасына айналып отыр. Бәтима әжей біздің қаладағы ұзақ жасаған қариялардың ішінде ең жасы екен. Кейуанадан бөлек 100-ден асқан тағы алты қартымыз бар. Әжені мерекесімен құттықтай келген меймандар жасын берсін деп ырымдап, ыдысқа құйылған ақтан дәм татып, ақ жаулықты ананың ақ батасын алып тарқасты. |
Количество показов: 3090
Дата создания: 01.10.2012 18:45:11