10-қазаннан бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі
Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің 95 пайызы жылуды қабылдауға дайын. Бірақ, бұл үйлердің барлығы бірдей дайындық құжаттырын алып болған жоқ. "Трансэнерго" ЖШС құжаттарды беріп үлгере алмай жатыр. Тағы бір себеп - пәтер иелері кооперативтері өздігінен жылу құбырларын сығымдаудан өткізіп, тексере алмай отыр. Жылу болса, үйлерге қазанның онынан беріле бастайды. Ешқандай кондаминиум, ПИК-не бірікпеген үйлер саны 300-ден асады. Оларды әділет департаментінде тіркеу үшін қалалық әкімдік әр үйге техникалық құжат дайындауға көмектеседі. Бірақ, осындай иесіз үйлердің тұрғындары да қол қусырып қарап отырмай, әрекет етуі керек. Иесіз жылу желілері де жетіп артылады қалада. Қараусыз қалған құбырлар күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыс енді келер жылға қалып тұр. Биыл ондай желілер анықталып, ақау актілері жасалып, сметалық құжаттары дайындалады. |
Количество показов: 2212
Дата создания: 04.10.2012 18:44:36