Өңірде жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды
Тегіміз түркі,түлігіміз-жылқы. Қаламызда облыстық тәжірибе стансасының базасында Қазақ жылқы шаруашылығы және мал азығын өндіру ғылыми-зерттеу институты құрылды.Осы орайда облыс әкімі Асхат Шахаровтың бастауымен ғылыми конференция өтті.Дөңгелек үстелге ҚР ауыл шаруашылығы Вице министрі мен мәжіліс депуттары және шаруашылық басшылары жылқы шаруашылығын дамытуға арналған ұсыныстары мен шешімдерін талқылады. Жылқы шаруашылығы еліміз үшін дәстүрлі, тіпті ұлттық мал шаруашылығы саласы болып табылады.Аталмыш институт ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың жылқы саны мен сапасын арттыру тапсырмасы аясында құрылып отыр. Аталған институтты қаржыландырып, дамытуға жергілікті жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде.Осы орайда облыс әкімі Асхат Шахаров, Мәжіліс депуттары мен ҚР ауыл шаруашылығы вице министрі дөңгелек үстел басында жылқы шаруашылығын дамытуға арналған ұсыныстарды талқылады.Қазіргі таңда Еліміз бойынша жалпы жылқы басы 4,1 млн. басты құрайды, бұл 90-жылдардағы көрсеткішке қарағанда 2,5 есе көп.Ал, асыл тұқымды жылқылардың саны 46 мың.Асыл тұқымды жылқыны іріктеуге және өсіруге ерекше назар аударып, сол арқылы асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру қажет екендігін еліміздің Президенті де атап өткен болатын.Ол үшін мемлекет тарапынан жылқы шаруашылығын дамытуға бағытталған қолдау шаралары жүргізілуде.Жалпы, саланы субсидиялауға соңғы бес жылда 4,9 млрд. теңге бөлінген.Ағымдағы жылы мініс және мініс-жегін бағыттарындағы жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және молайту жөніндегі арнайы заң қабылданды.Үкімет заңды жүзеге асыруға кіріскен.Айта кетейік,өсірілетін тұқымдардың селекциялық қасиеттерін жақсарту мақсатында ғылыми сүйемелдеу бойынша жұмыстар жалғасуда.Количество показов: 16
Дата создания: 30.11.2024 09:24:35