"Қолжетімді баспана -2020" бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды
"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын алғашқылардың бірі болып біздің өңір жүзеге асыра бастады. 7 және 8 қабатты екі үй "Авиатор" ауданында бой көтеретін болады. Құрылыс жұмыстарын "Окси Билд" ЖШС жүргізіп жатыр. Тұрғын үй кешенін бүгін "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ өкілдері мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков аралап көрді. "Авиатор" қалашығында тұрғызылып жатқан "Юнис сити" тұрғын үй кешенінің жалпы аумағы- 27 мың шаршы метр. Нысанның құрылысына тиісті қаражаттың 75 пайызын "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры, қалғанын "Окси Билд" ЖШС құйып отыр. 560 пәтерлік үй келесі жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Әрбір шаршы метрінің өзіндік құны 120 мың теңгеге бағаланып отыр. Өткізу кезінде 144 мың теңге. Қазір қаладағы тұрғын үй нарығындағы баға - шаршы метріне 150 мың теңге. Мемлекеттік қор арқылы ұсынылатын бұл үйлерді ұзақ мерзімге жалға және одан кейін сатып алуға болады. Қаражаты мен мүмкіншілігі барлар тікелей сатып ала алады. Баспананың бағасына келсек. Пәтерлерді жалға беру арқылы сату кезінде 1 шаршы метрдің жалдау құны 1279 теңге болады. Ал тікелей сатып алушылар үшін 35 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің құны 5 млн 40 мың теңге. Ал егер 7 мен 15 жыл аралығында жалдай отырып сатып алу үшін ай сайынғы төлем 77 765 теңгені құрайды. Бұл баға тікелей сату кезінде жыл сайынғы инфляцияға орай өзгеріп отырады. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ мен құрылыс компанияларының қатысуымен тұрғызылған үйлерден үмітті отбасылардың жалақысы 120 мен 150 мың теңге аралығында болуы тиіс. Өтініштер электронды үкіметтің сайтында құрылыс аяқталуға 3 ай қалғанда қабылданады. |
Количество показов: 2766
Дата создания: 10.10.2012 19:00:50