Жыршылар тәулік бойы жыр жырлады
Елімізде алғаш рет жырлар тәулік бойы жырланды. Бұл бастама жыршы, жырау Әділбек Сариннің бастамасымен ұйымдастырылып, "Ер Едіге" жыр мектебінің шәкірттері мен түлектері өнер көрсетті. Өнер мектебі 2021 жылы ашылған. Бүгінгі шара 5 жылдық еңбектің жемісі мен жетістігі болып отыр. Мектеп түлегі Сымбат Жомартова бүгінгі орындайтын жырларымен бөлісіп, ұстазына алғысын білдірді. Солардың ішінде - "Қырымның қырық батыры", қисса дастандар мен тағылымдық термелер. Шараға барлығы 36 жыршы қатысып, әр үш сағат сайын кезектесіп, жырды бір-бірінен іліп әкету тәсілі арқылы жалғастырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыраулардың тәулік бойы үздіксіз жыр айту жобасы соңғы жүз жылда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан бойынша мұндай ауқымды жыр керуені алғаш рет өңірімізде бастау алды. Жоба Наурызнама тұжырымдамасы аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай «Жыраулар жолымен...» атты бастамамен қолға алынған. Шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысуда.Количество показов: 9
Дата создания: 17.03.2026 06:47:13



















