Жылыту маусымына қаламыздағы 72 тұрғын үй дайындық паспортын алған
Қалада алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде 2100 көппәтерлі тұрғын үйдің жылу жүйелері тексеріліп, қазандықтарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 72 үй дайындық паспортын алған. Қалған тұрғын үйлерде жұмыстар жалғасып жатыр. Облысымызда алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қаладағы 2100 көппәтерлі тұрғын үйдің жылу жүйелері тексеріліп, қазандықтар жөнделуде. Бізде бар ақпараттарға сүйенсек қазіргі таңда 72 тұрғын үй жылыту маусымына дайындық паспортын алған. Қаланың тұрғын үй қорында барлығы 2100 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 1556-сы жылу жүйесімен қамтылған. Ал 544 көппәтерлі тұрғын үй автономды жылыту жүйелері мен қамтамасыз етіледі. Мамандардың айтуынша көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін 131 қазандық бар. Бүгінде 11 қазандықта күрделі жөндеу, 92 қазандықта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқару органдарының мақсатты жарна жинауы есебінен 18 үйде ағымдағы, 12 үйде күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінде қалада 72 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайындық паспортын алды. Қалған үйлердегі дайындық жұмыстары да бақылауда. Мамандар жылыту маусымы басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын толық аяқтап, тұрғын үйлердің дайындық паспорттарын уақытылы алудың маңыздылығын атап өтті.Количество показов: 14
Дата создания: 11.08.2026 08:31:42



















