Көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары бір-біріне кесірлерін тигізіп отыр. Баспаналарындағы жылу жүйесінің өзгертілуінен қысты күні бойлары жылымай отырғандар бар. 11 шағын аудандағы №13 үй 9 қабатты. Мұндағы 3, 9, 41 пәтер иелері ортақ жылу беру жүйесін өз беттерімен өзгерткен. Барлығы жылу беру құбырларын балконға орнатып қойған. Кейбіреулері жылы еден жасатыпты. Мұның барлығы көп қабатты тұрғын үйдің толық жылумен қамтылуына кедергі келтіреді. Мамандар түскен шағым бойынша учаскелік инспекторлармен бірге тексеру жүргізген.
Мамандардың ескертуін 9, 14 пәтер иелері толық орындапты. Орынсыз орналастырылған жылу құбырлары алынып, бұрынғы жоба бойынша, қайта қалпына келтірілген. Ал, №3 пәтер иесіне қатысты іс сотқа жолданған. "Трансэнерго" АҚ №1 желілік ауданына 321 үй қарасты. Асқар Хайрудтиновтың сөзінше, рұқсатсыз өздіктерінен пәтерлеріндегі жылу жүйелерін өзгерткендер көп. Жоспарлы және шағым бойынша арнайы тексерулер кезінде анықталған.
Количество показов: 1420
Дата создания: 22.01.2018 18:23:26
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>