Жыл соңында стационарларға 9,36 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жөнелтілген
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті брифинг. Бүгін «Өңірді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жағдай туралы» тақырыбына тоқталды. Бірыңғай дистрибьютор - "СК-Фармацияның" қызметі, халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдіру бағытындағы жұмыстар туралы айтылды. Биыл желтоқсанда стационарлар үшін 9,36 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмек жөнелтілген. Бұл туралы бүгін жауапты мамандар айтты. Бірыңғай дистрибьютор "СК-Фармация" серіктестігі дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырады. Олардың қоймаларда сақталуын қадағалап, медициналық ұйымдарға уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді. Биыл 70 млрд.-тан астам теңге үнемделіп, бұл қаражатқа қосымша дәрілік заттардың қомақты көлемі сатып алынған. Ал, обылста емделушілерге тегін дәрі-дәрмек диагноз түрлеріне қарай берілді. 2025 жылға өңірдің 41 медициналық ұйымы 517 атау дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жалпы сомасы 8,9 млрд теңге көлемінде қажеттілік ұсынды. Жыл ішінде медициналық ұйымдар қосымша 2 млрд теңгеге тағы өтінім берген. Қазіргі уақытта өңірдің 65 медициналық ұйымы арасында қосымша өтінімдерді ескере отырып, жалпы сомасы 10,3 млрд теңгеге 1 058 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізуге шарттар жасалды. Қымбат тұратын дәрі-дәрмектер де осы жылы науқастарға бөлінді,- дейді басқармадағылар. Ал, тұрғындар көбінесе тегін дәрі алмайтындарын жасырмады. Дәрі не жоқ, не алу үшін ұзақ күтуге тура келеді. Қолыңа тиген күнде де ол дәрілердің пайдасы аз. Сондықтан дәріні емханадан сатып аламыз,-дейді олар. Қазіргі уақытта 2026 жылға арналған медициналық ұйымдар ұсынған көлемдер хабтарға түсіп жатыр, олар қаңтар айынан бастап кезең-кезеңімен медициналық ұйымдарға жөнелтілетін болады,- дейді жауаптылар. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек жеткізуде, тапшылықтар болмайды деп сендірді.Количество показов: 11
Дата создания: 25.12.2025 10:16:32



















