Жыл басынан бері өрттен 5 адам мерт болды
Жыл басынан бері аймақта 360-қа жуық өрт тіркелді. Былтырғымен салыстырғанда 35 дерекке көп. Келтірілген материалдық шығын көлемі 151 млн 319 мың теңгені құрады. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД мамандары мәлімдеді. Қызыл жалынның дені - тұрғын үй секторында болған. 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында аймақта тұрғын үй секторында 124 өрт оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 2 адам мерт болды. 4 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Ал, материалдық шығын көлемі 40 миллион теңгеден көп. Тағы 4 адам иісті газдан уланған.Мамандардың дерегінше, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда өрт құрбандарының саны 33,3%-ға азайған. Жылу беру кезеңінде департамент бөлімшелері 63 мыңнан астам үйде алдын алу шараларын жүргізген. 190 мыңнан астам ақтөбелікке сақтық шараларының маңыздылығы түсіндірілді.Одан бөлек, аймақтағы әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылар мен азаматтарға көмек көрсетіліп, 5800 дана улы және табиғи газ датчиктері орнатылды.Количество показов: 15
Дата создания: 03.09.2025 07:59:44