Жыл басынан бері аймақта 205 өрт тіркелді
Аймақта орман және дала өрттерінің алдын алу үшін 993 млн. теңге қаржы қарастырылған. Өрт қауіпті кезеңі сәуірде басталды. Содан бері Қарғалы, Мәртөк, Әйтеке би аудандары мен облыс орталығында жалпы ауданы 88 га болатын 5 далада өрт тұтану оқиғасы тіркелген. 1 орман өрті болған. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД мамандары мәлімдеді. Сөздерінше, өрт қауіпі кезеңіне дайындықтары жоғары. Биыл өңірде 2 өрт сөндіру бекеті құрылады. Қазір бекеттер саны - 75. 109 мың адам қызметте. 170-тен астам елді-мекенді өрттен қорғау қамтамасыз етілген.1-маусымда аймақта суға шомылу маусымы басталады. Суға түсуге облыс бойынша 64 орын қарастырылған. Су түбін тексертуге департаментке 69 өтінім түскен. 12-17 мамыр аралығында сүңгуірлік топ 10 ауданда су түбін тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде су айдындарындағы тексерілген 46 орынның 24-не ғана рұқсат берілген. Енді су айдындарын жауаптылар суға шомылу маусымына даярлаулары тиіс. Балаларды жүзуге үйретуге арналған 85 қаңқалы модульдік бассейннің біреуі ғана шаһарда. Қалғаны аудандарда болады. Бассейні көп Хромтау ауданы. Құтқарушылар балаларға жүзу, суда өзін-өзі ұстау тәсілдерін үйретпек. Былтыр аймақта су айдындарында 13 адам қаза болды, оның алтауы бала. Төтеншеліктер өрт және суда шомылу қауіпсіздіктерін қатаң сақтауға шақырады.
Количество показов: 89
Дата создания: 20.05.2025 09:24:04