Жыл басынан бері қаланың тазалығы мен абаттандыруына зиян келтірген 2700-ден астам ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елде "Таза Қазақстан" акциясы өтіп жатыр. Дегенмен, біз күткен тазалыққа әлі жете алмай келеміз. Себебі, шаһарда ірі көлемдегі қоқыстарды көшеге лақтырып, ластайтындар азаймай тұр. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары мен аудан әкімдіктерінің өкілдері бірігіп әкімшілік құқық бұзғандарды анықтап жүр. Күн сайын рейдке шығады. 100-деген бейнекамера қондырылған. Бірақ нәтиже аз. Жуырда қала әкімі Азамат Бекеттің төрағалығымен жиын өтті. Шаһар басшысы Азамат Бекеттің сөзінше, қаланың ластануына бір күн жеткілікті дейді. Себебі, бүгін жиналған жер ертеңіне толып тұрады. Тұрғындар ірі көлемді қоқысты, кесілген ағаш бұтақтарын, сынған жиһаздарды және құрылыс қалдықтарын түнгі уақытта қоқыс контейнерлерінің алаңына шығарып тастайды. Қала тазалығына зиян келтіргендерге полиция алдымен ескерту жасайды. Жыл басынан бері мұндай 2 700-ден астам ақтөбелік пен 30 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұл көлемі - 16 миллион теңге. Жергілікті полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиевтің сөзінше, шаһарды түгел қамту үшін учаскелік инспекторлар жеткіліксіз. Қазір қала аумағында 218 бейнебақылау камерасы және қоқыс алаңдарында орнатылған камералар да бар. Тәртіп сақшылары әр 4 күн сайын осы камералар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Жауаптыларға шаһар басшысы осылай деп тапсырма берді. Барлығының жүгі бір. Дегенмен, сол жүктің бір жағын тұрғындар да көтеріссе дейсің. Тазалықты сақтау - әр тұрғынның парызы.Количество показов: 20
Дата создания: 07.08.2025 09:57:56