Жолда қалған 53 адам құтқарылды
Қыс мезгілімен қоса, қолайсыз ауа-райы да келеді. Бір күн жаңбыр болса, бір күн дауылды қармен жалғасады. Мұндай ауа-райында жолда қалатындар саны артады. Дәл осындай жағдай аймақта кеше тіркелді. Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолдың 950-шақырымында жолда қалып қойған 53 жолаушыға құтқарушылар көмекке келді. Қозғалыстың шектелуіне байланысты 15 адам Белқопа ауылы бағытына жаяу аттанып, «Шымкент–Мәскеу» бағытында жүріп келе жатқан автобустың 38 жолаушылары эвакуацияланып жақын елді мекендегі жылыту пунктеріне жеткізілді. Құтқарушылар ауа-райының өзгеруіне байланысты алыс жолға сапарға шығарда 112 нөміріне келетін хабарламаға құлақ түріп, ескертулерге құлақ асқан жөн екенін ескертеді. Өзіңіздің және жақыныңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмай жүруге кеңес береді.Количество показов: 9
Дата создания: 09.12.2025 08:57:36



















