Ақтөбеге Қостанайда жасалған "Анкай" маркалы 70 жолаушылар автобусы мен "Ивеко" маркалы 10 мектеп автобусы жеткізілді. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Қазақстан халқына мың алғыс" ескерткіші түбінде қоғамдық көліктерді жолаушылар автокөлік кәсіпорнына салтанатпен тапсырды. Мына көліктер 2 миллиард 178 миллион теңгеге сатып алынды. Оның 70 пайызы лизинг. Несие 7 жылға 3 пайыздық өсіммен берілді. Жолаушылар автобустары 56 орындық. Еуро-5 стандартына сай газ қозғалтқыштарымен жабдықталған. Газбен жүретіндіктен экологиялық таза автобустар деп таныстырылды. Сондай-ақ, қол арбадағы мүгедектердің салонға кіруіне ыңғайлы жылжымалы пандустары бар. Автобус ішінде бейнебақылау жүйесі қарастырылған. Автобустар отандық өнім саналады. Қостанайдағы "Аллюр" компаниялар тобының аумағында жасалған.
Ал қоғамдық көлікте жол ақысы сақтала ма? Әзірге беймәлім. Ақтөбеліктер ғана автобусқа 55 теңге төлейді деген жолаушы тасымалымен айналысушы мекемелер жергілікті биліктен тарифті көтеруді сұрап отыр.
Количество показов: 1434
Дата создания: 20.06.2018 19:48:04
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>