Жол жыры бітер емес
Шаһарда жол жөндеу жұмыстары жыл сайын осы мезгілде басталады. Жұмыстар ала жаздай жүргізіледі. Жөндеуден өткен жолдар пайдалануға берілгенше күз болады. Қайтадан жауын-шашын, арты қарға ұласады. Сөйтіп ақтөбеліктер жаңа жолдардың қызығын да көріп үлгермейді. Көктемде әлгі асфальт қармен бірге еріп кетеді. Қаланың ескі бөлігіндегі жолдар біртіндеп жөнделуде. Мәселен Жанқожа батыр көшесінің бойындағы бірнеше шұрық тесік учаске жамалған. Ал, Алтынсарин көшесінің бойы сол күйі жөндеусіз жатыр. Тұрғындар жол сапасының сын көтермейтініне наразы. Шұрық тесіктерді айналып өтеміз деп жол ережесін бұзамыз, ал ол үшін қыруар айыппұл төлеуге мәжбүрміз, - дейді. Атап өтейік, қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, облыс орталығында 18 көшенің жолдары жөндеуден, 7 көше күрделі жөндеуден өтеді. 16 тұрғын алабының аулаларында жол құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, жол құрылысы мен жөндеуге қатысты былтырдан қалған 25 жобаны жүзеге асыруды жалғастыру көзделген.Количество показов: 411
Дата создания: 20.04.2024 05:39:26