Жол жүру ережесін сақтауды жаяу жүргіншілерге де білуі керек
Бүгін Ақтөбе автожол колледжінде «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» тақырыбында студенттер арасында конкурс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - жастарды жолда өзін дұрыс ұстауға баулу және қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Шараға тәртіп сақшылары, ұстаздар және студенттер қатысты. Жолда жүру ережесін сақтау – адам өмірінің қауіпсіздігі үшін маңызды. Қарапайым ережелерді түсіндіру мақсатында бүгін колледжде «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» байқауы ұйымдастырылды. Конкурс барысында қатысушылар жол қозғалысы ережелеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, көріністер мен бейнероликтер арқылы жолда жүру мәдениетін көрсетті. Кейбір студенттер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы өзара сыйластықтың маңызын жеткізді.Басқалары өз қолымен жасаған ақпараттық бұрыштар мен плакаттар арқылы жол қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды тек жол ережесін білуге емес, оны күнделікті өмірде қолдануға да үйретеді. Жолдағы тәртіп — әр адамның өмір қауіпсіздігі екенін ұғындыру – басты мақсат. Оқу орнының басшылығы да студенттерге жолда өздерін жауапкершілікпен ұстау қажеттігін еске салды. Байқау жастардың жол қозғалысы ережелеріне деген қызығушылығын арттырып, олардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты. Мұндай іс-шаралар болашақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің саналы, тәртіпті азамат болып өсуіне ықпал етеді. Байқау қорытындысы бойынша белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Ал ең бастысы – студенттер жол қауіпсіздігінің маңызын тағы бір мәрте түсінді.Количество показов: 10
Дата создания: 13.11.2025 07:02:55



















