Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз!
Шаһарда өзге өңірдің жол сақшылары жүр. Тас жолдардағы қауіпсіздікті бақылау мақсатында аймақта 17 мамырдан бері «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Астана қаласы, Қарағанды және басқа да облыстардан тартылған қосымша күштер құқық бұзушыларды анықтап жатыр. Іс-шараның алғашқы күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзған 500-ден астам дерек тіркелген. Одан бөлек, мамандандырылған айып тұрағына 50 көлік қойылған. Оның 12-сі транзиттік мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген автокөліктер. Мамандардың мәліметінше, осындай ауқымды рейдттер бұған дейін Алматы қаласы мен Қарағанды облысында жүргізіліп, нәтижелі болған. "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іш-шарасы 25-мамырға дейін жалғасады.Количество показов: 9
Дата создания: 19.05.2026 07:04:35



















