Жол белгілері таңбаланып жатыр
Ақтөбе көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қарқын алды. Қазіргі таңда арнайы техникамен мамандар қаладағы негізгі көшелермен, тұрғын алаптарындағы жолдарға таңба сызуды бастаған. Дегенмен, жергілікті тұрғындар орталық көшелерде ғана жол таңбалары анық көрінетінін айтып наразы. Айтуларынша, шеткі аумақта таңбаланған белгілер мүлдем көрінбейді. Салдарынан жол ережелерінің бұзылуы жиілеген. Жұмыстарды конкурстық негізде жеңімпаз атанған "Анес груп" серіктестігі жүргізіп жатыр. Олардың айтуларынша, әзірге жол сызбалары арнайы бояумен таңбаланады. Оған үш айлық кепілдік қарастырылған. Шілде айынан бастап төзімділігі жоғары термопластик қолданылмақ. Бұл материал ауа райына шыдамды әрі ұзақ уақыт бойы сақталады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңартуға басмдылық берілген. Жол таңбаларын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен қаланың барлық ауданында жүргізіледі. Мамандар тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.Количество показов: 9
Дата создания: 30.04.2026 07:08:50



















