Жол қауіпсіздігі маңызды!
Өңірде ауа-райы бұзылып тұр. Боран соғып, қар жауып, оған көктайғақ қосылды. Кешеден бері облыстық және республикалық маңызы бар автожолдар жабылып жатыр. Күндіз жолдар кей автокөлік түрлеріне ашылғанымен, кешке қарай көлік қозғалысы қайта тоқтауда. Бұл жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздігі үшін,- дейді жауаптылар. Республикалық маңызы бар жолдарда арнайы техникалар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жолдың жүру бөлігі қардан тазартылып, қар үйінділерін шығару, қауіпті учаскелерге құм-тұз қоспасын себу жұмыстары атқарылуда. Бүгінде жолдардың жеті бағыты бойынша 400 жұмысшы мен 125 бірлік техника жұмылдырылған. Жұмыстар күшейтілген режимде 24/7 тәулік бойы жүргізіледі. Ал жолға шығар жүргізушілерге алдын ала ауа-райын біліп, 112 нөмірінен ескерту хабарламасы келген жағдайда алыс жолға шықпауы сұралады,- дейді жауаптылар.Количество показов: 5
Дата создания: 21.02.2026 05:01:44



















