Жол қателікті кешірмейді
Ақтөбеде жол ережесін бұзу деректері өршіп тұр. Шумахерлерге бейне бақылау камералары да тосқауыл емес. Жол апатын жасайтындар да жылдамдықты 60 тан асырып, ұшып жүретін жүргізушілер. Олар өз өмірімен қоса өзгелердің де өмірін бәйгеге тігіп, қауіп-қатер төндіруде. Жыл басынан бері өңірде 440 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 655 адам зардап шексе, 15 адам қаза тапты. Шаһарымыздың шұрық-тесік жолдары ақтөбеліктердің ғана ығырын шығармайды. Республикалық маңызы бар авто жолдарда жүретін жолаушылар үшін де кесапат. Ел ішінде тіпті "Ақтөбенің жаман жолдары", жырға айналып кеткен. Апаттардың көпшілігі осы республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда болады екен. Әсіресе Самара-Шымкент тас жолында. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу аясында 29 стационарлық және 21 мобильді тіркеу жүйесі қолданылады. Олардың көмегімен 2 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталған. 20 мың шақырымға жуық автожолға тексеру жүргізліп, оның қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жоюға 893 ұйғарым шығарылыпты. 97 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.Бүгінгі жиынға полиция департаментінің өкілдері ғана қатыспады. “ҚазАвтоЖол" АҚ-ның өкілдері де төбе көрсетті. Дегенмен, кәсіпорын басшыларының берген есебіне ешкімнің көңілі толмады. Қазағз жүзінде бәрі "жақсы" болғанымен , статистика көңіл көншітпейді. Полицейлер орташа жылдамдықты өлшеу жүйелерін енгізуді, малдың трассаларға шығуын болдырмау үшін қоршаулар орнатуды ұсынды. Сондай-ақ қазіргі өзекті мәселе жүргізушілердің ұйықтап кетуіне жол бермеу үшін Шу жолақтарын ұйымдастыру маңызды. Бұл шаралар апатты азайтуға және жақсартуға бағытталған облыстың қала сыртындағы жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін көрсетпек.Количество показов: 47
Дата создания: 26.04.2025 07:47:17