Жол апатында жаяу жүргінші көз жұмды
Бүгін қала ішінде жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды. Оқиға түскі бір жарым шамасында Құлымбетов пен Қонаев көшелерінің қиылысында болды. Жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан әйелді "Ниссан" маркалы көлік қақты. Жасы шамамен 50-ден асқан әйел жедел жәрдем көлігі келгенде тірі болған. Алайда ауруханаға жетпей көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы орнында анықтаушылар жұмыс жасап жатыр.Количество показов: 732
Дата создания: 07.09.2022 22:35:24



















