Жоғары оқу орындары талапкерлерден білім грантына құжат қабылдауға кірісті
Ұлттық біріңғай тесттен өткен мектеп түлектері үшін жауапты кезең басталды. Жоғары оқу орындары талапкерлерден құжат қабылдауға кірісті. Алғашқы күннің өзінде жүздеген талапкер мемлекеттік білім грантына қатысу үшін өтініш берген. Құжат тапсыру қалай жүріп жатыр және талапкерлер нені ескеруі керек? Мектеппен қоштасқан түлектер енді болашақ мамандығын таңдаудың шешуші кезеңіне қадам басты. Жоғары оқу орындарында құжат қабылдау басталып, талапкерлер ҰБТ-дан жинаған балдарына сәйкес мемлекеттік білім грантына өтініш беруде. 18 жасқа толмаған талапкерлер құжаттарын ата-анасының немесе заңды өкілінің қатысуымен тапсырады. Қабылдау науқанының алғашқы күнінде-ақ 500-ден астам талапкер грант конкурсына қатысу үшін өтініш берген. Қабылдау электрондық кезек арқылы жүргізілуде. Өңірде мектептерді ағымдағы жылы 10 мыңға жуық түлек тәмамдаған. Мамандар жыл сайын 4 мыңға жуық болашақ студенттердің құжаттарын өңдейтінін айтады. Биылғы қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Одан бөлек, талапкерлер егов жүйесі арқылы немесе жоғары оқу орнына барып тапсыра алады. Грант нәтижесі болса, 10 тамызға дейін белгілі болмақ. Құжат тапсырарда, болашақ студент 4 университет пен 4 мамандық таңдау мүмкіндігі бойынша оқу орындарының шекті баллын да ескерген жөн,- дейді мамандар. Құжат тапсыруға келушілер көбіне мамандық емес, қала таңдайтын көрінеді. Көпшілігі еліміздің мегополистеріне, Алматы, Астана қалаларына тапсыратынын айтады мансаптық даму департаментінің директоры. Студенттер тарапынан қойылатын сұрақтардың басым бөлігі статистикаға қатысты. Бүгінгі тапсырушылар қатарынан табылған Ұлжан есімді түлек құжаттарын ЕҰУ тапсырыпты және түсетініне сенімді. ҰБТ-ден жинаған балы - 128. География, математика пәнін таңдаған. Айта кететін жайт, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ ақылы түрде оқуға түсемін дейтін жандар үшін оқуға құжаттар 21 шілде мен 25 тамыз аралығында қабылданады.Количество показов: 10
Дата создания: 15.07.2026 01:01:47



















