Жерлестері Әлияны еске алды
"Елім деп соққан жүрегі". 14 қаңтар - аты аңызға айналған қаһарман жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Атаулы датаға орай бүгін қаламызда және Қобда ауданында бірқатар еске алу және тағзым ету шаралары өтті. Еске алу шаралары шаһардағы "Әлия" мемориалды кешенінде еске алу жиынымен басталады. Іс-шара барысында батыр рухына гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.Шараға қатысушылар алдымен батыр рухына бір минут үнсіздік жариялады. Кейін облыстық әкімдік, батырдың туыстары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесі, ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұлан мен әуе қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері, "Халықтық ұжым", "Әлия гүлі" қазақ би-ансамблінің "Әлия. Мәншүк. Хиуаз" әскери патриоттық қыздар клубы мен қала тұрғындары Әлия Молдағұлова ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Әлия Молдағұлова - қазақ халқының қайсар рухының символы. Оның өмірі мен майдандағы ерлігі - бүгінгі ұрпаққа патриотизм мен отансүйгіштіктің айқын үлгісі екенін де атап өтті ақ жағалылар. Шара лінің азаттығы жолында жанын қиған батырлардың рухына тағзым ету, олардың ерлігін жас ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған. Олардың Отан алдында жасаған ерліктері мәңгі кейінгі ұрпақтың есінде сақталмақ. Мемориалды кешендегі еске алу жиынынан кейін тағзым ету шаралары Қобда ауданы орталығында, Әлия ауылы мен Бұлақ ауылындағы ескерткіштер алаңында жалғасты. Сонымен қатар шара барысында "Әлия" патриоттық тәрбие беру орталығында батырдың 100 жылдық мерейтойына орай жарық көрген" Өшпес ерлік" кітабының таныстырылымы өтті.
Количество показов: 7
Дата создания: 15.01.2026 07:20:37



















