Жергілікті құлпынай жидегінің маусымы басталды
Өңірде бағбандар құлпынай маусымын бастап кетті. Саяжайларда алғашқы өнім жиналып, иелері сатылымға балғын құлпынайды шығарып жатыр. Алайда биылғы жауын-шашын егінге әсер етпей қоймаған. Жидектердің көбісі жарамсыз болып қалды, бірақ оған қарамастан құлпынайдың сапасы жақсы,- дейді сатушылар. Құлпынай пісіп, саяжай маусымы өз өнімдерін беруде. Сауда орындарында жергілікті өнім сатылымға шығып жатыр. Алайда бағбандардың айтуынша, биыл жауын-шашынның көп болуы өнім көлеміне әсер еткен. Кейбір алқаптарда құлпынай шіріп, жарамсыз болған жағдайлар да кездескен. Сондықтан "өткен жылмен салыстырғанда өнім аздау", -дейді саяжай иелері. Қазіргі таңда жергілікті құлпынайдың келісі 3 мың теңгеден басталады. Сатушылар бағаның өнімнің сапасы мен көлеміне байланысты өзгеретінін де жеткізді. Сатып алушылар саны көп байқалмайды. Сатушылардың сөзінше, тұрғындар балалаларына алып жатады. Олар құлпынай өнімін шілде айында, күн ысып, құрғаған кезеңде жақсы беретініне сенеді. Саяжай иелері үшін жаз мезгілі - еңбектің нәтижесін көретін уақыт. Олар алдымен өздері өнімдерін тойып жеп, артылғанын осылай сататынын айтады. Ал бағбандар болса, алдағы уақытта күннің ашық болуына үмітті. Күн шығып, жылынса, бақша да мол өнім береді,- дейді олар.Количество показов: 11
Дата создания: 09.06.2026 06:27:57



















