Жергілікті кәсіпкерлер бизнесті франшизалауды меңгерді
Ақтөбелік кәсіпкерлер бизнесті франшизалап, халықаралық нарыққа шығу жолдарын үйреніп жатыр. Бүгін облыстық кәсіпкерлер палатасында Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығының мүшелерімен кездесу өтті. Спикерлер жергілікті кәсіпкерлерге бизнесті дұрыс кеңейту, алаяқтарға алданбау жолдарын кеңінен түсіндірді. Бизнесті франшизалау - бұл кәсіпкердің өз бизнес-моделін, брендін, жұмыс істеу жүйесін басқа кәсіпкерлерге белгілі бір шарттармен пайдалануына рұқсат беруі. Яғни, франшиза арқылы бизнес иесі өзінің бренд атауын, жұмыс стандарттарын, технологияларын, тәжірибесін, маркетинг жүйесін басқа кәсіпкерлерге ұсынады. Бұл модель кәсіпкерлерге тәуекелді азайтып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Шараға қатысқан өңір кәсіпкерлері сарапшылардан кеңес алып, франшизалық пакетті әзірлеу және сүйемелдеу мүмкіндіктерімен танысты. Көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу аралас форматта өтті. Елімізде бизнесті фрашизалау әлі дұрыс дамымаған. Осыған орай, алда KazBrand байқауы басталды. Жергілікті жобаларды дайын франшизасы бар ауқымды брендке айналдыруға көмектесетін байқау. Үміткерлерден өтініштер 5 қыркүйекке дейін қабылданады. Ал, франчайзинг туры алда Атырауда жалғасады.Количество показов: 15
Дата создания: 27.08.2025 09:44:15