Жер кезегіне тұрғандарды іздеп жатыр
2003-2005-ші жылдары кезекке тұрғандарға жер 2015-2016-шы жылдары үлестірілген. Сол уақытта да 2003-ші жылдың кезегінен 120 адам табылмады. Әлі іздестіріліп жатыр. Ол адамдар кезектен шығарылмайды. Тек кейінге шегеріле береді дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев. Табылған бойда жерлері беріледі. Бірақ, адамның өзге жері болмауы тиіс. Басқа жаққа көшіп кетсе де жер берілмейді. Сондай-ақ, өмірден озған адамдар кезектен автоматты түрде шығарылады. Биыл осылайша 4,5 мың адам кезектен шығарылған. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 194 жеке тұрғын үй салынған. Әр 10 сотық жерде 145-152 шаршы метрлік тұрғын үйлер пайда болды. Әр шаршы метрі 120 мың теңгеден.
Количество показов: 1365
Дата создания: 18.09.2017 18:20:27