Жеміс-жидек пен көкөністің бағасы көтерілді
Көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы қайта қымбаттаған. Жаздың соңында арзандаған өнімдердің құны қазір қайта көтеріліпті. Әсіресе күн суыта имунететті күшейтеді деп сұранысқа түскен банан, апельсин және "С" дәруменінің көзі "мандарин" жемістерінің құны артқан. Базар сөрелерінде алма, апельсин, банан, киви, тропикалық елдерден жеткізілген манго мен какосқа дейін бар. Есесіне бағалары да арзан емес. Қазір алманың келісі 450 теңгеден басталады. Жүзім 500-600 теңгеден, киви 1300-1500 теңгеден сатылып жатыр. Ал апельсин 900 теңгеден саудалануда. Бананның құны 750 теңгеден, мангоның бағасы 850 теңгеден төмені жоқ. Жеміс-жидектің басым бөлігі көршілес Ресей мен Ташкенттен жеткізіледі. Ал көкөністер Шымкент пен еліміздің оңтүстік өңірлерінен, сондай-ақ Ираннан тасымалданады. Сатушылардың сөзінше, тауар шамамен екі күнде бір рет жеткізіліп тұрады. Кәсіпкерлер сондықтан сапалы өнім сатуға тырысады. Пісіп кеткен немесе бұзыла бастаған жеміс-жидек пен көкөніс төмен бағаға өткізіледі. Қызанақ - 280, ал кәді 300-500 теңге аралығында сатылады. Қиярдың келісі 500 теңге болса, бұрыштың бағасы 300 теңгеден басталады. Түрлі түсті бұрыштың келісі - 1200 теңге. Сатушылардың айтуынша, жаз мезгілінің соңында өнім арзандағанымен, қазір қайта қымбаттай бастаған. Бұған маусымдық өзгерістер әсер еткен. Мұндағы негізгі сатып алушылар - тұрақты тұтынушылар мен шағын кәсіп иелері. Маусымдық өнімдердің бағасы құбылып тұрғанымен, базардағы сауда тоқтаған жоқ. Ал алдағы уақытта бағаның қалай өзгеретіні өнімнің жеткізілуіне және маусымға байланысты болмақ.Количество показов: 13
Дата создания: 16.10.2026 08:40:58



















