Жазасын өтеушілер туыстарымен қауышты
Түрмеде жазасын өтеп отырғандар арасында шеберлер көп. Түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, ақша табатындары да бар. Жазасын өтеушілер мұндағы ғасырдан да ұзақ күндерін босқа өткізбеуге тырысады. Аяқ киім жөндеу, жиһаз жасау сынды кәсіпті меңгеріп алғандары да жеткілікті. Мәселен, бүгінгі шараға арнайы олар ағаш пен темірден асхана құралдарын, аспаптар, орындықтар құрастырған. Отбасы күніне орай картиналар салып, ойыншықтар жасапты. Кейін мұның барлығын сәбилер үйіне табыстамақ. Бүгінгі көрме "Бала-біздің болашағымыз" деп аталады. Ашық есік күнінде жазасын өтеушілердің ата-аналары, жұбайлары темір тордың ар жағындағы тыныс-тіршілікпен танысты. Қазір мекемеде 700 жазасын өтеуші заңмен кесілген мерзімдерін өтеуде. "Отбасы күніне" орайластырылған ашық есік күні барысында спорттық шаралар ұйымдастырылды. Жазасын өтеушілер волейболдан жарысты. Келесі ашық есік күні тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткізілмек.
Количество показов: 1540
Дата создания: 13.09.2017 18:15:07