Жазғы лагерлерлер өз жұмыстарын бастады
Қаламызда Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде жазғы демалыс лагері басталды. Лагерь аясында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға басымдық беріліп, түрлі шығармашылық, танымдық және дамыту бағытындағы іс-шаралар өткізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, лагерьдің мақсаты-оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге жағдай жасап, олардың шығармашылық және зияткерлік дамуына қолдау көрсету.Демалыс кезеңінде оқушылар музыка, театр, бейнелеу өнері және журналистика бағыттары бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Ерекшелігі, биылдан бастап алғаш рет лагерь бағдарламасына балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған танымдық сабақтар да енгізілген.Жазғы лагерь бірнеше аптаға жалғасады. Осы уақыт ішінде балалар түрлі мәдени-танымдық шараларға қатысып, жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алады деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Количество показов: 12
Дата создания: 11.06.2026 08:37:21



















