Жазғы дөңгелекпен жүрген көлік иелері жазаланады
Бүгіннен бастап Қазақстанда жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл арқалайды. Тозығы шыққан дөңгелегін ауыстырмай көктайғақта сырғанап жүргендер жазаланады. Қаламыздың дөңгелек ауыстыру бекеттеріне де дамыл жоқ. Бірінен соң бірі келген автокөік иелері, жаппай қысқы дөңгелекке ауысып жатыр. Бүгін қыс мезгілінің алғашқы күні. Еліміздің бірқатар аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Сондықтан Ішкі істер министрлігі автокөлік жүргізушілеріне темір тұлпарды 1 желтоқсанға дейін қысқы маусымға дайындау қажеттігі туралы ескерткен болатын. Ал заңнамаға сәйкес қыс мезгіліне дейін көлік дөңгелегін ауыстырмайтын автокөлік иелеріне айыппұл салынады. Сондықтан қаламыздың жүргізушілері бұл тапсырманы орындауға кірісіп кетті. Қонаев көшесінде бірнеше дөңгелек ауыстыру орындары бар. Ұзын-сонар кезек жоқ. Жеке кәсіпкер Қанат мұны әлі қар жаумауымен түсіндірді. Оның айтуынша, жұмыс орнына күніге 50 автокөліктей келіп дөңгелек ауыстырады. Бағасы 7 мың мен 13 мың теңгенің аралығында. Автокөлік көлеміне қарай баға өзгеріп тұрады, дейді ол. Жазғы дөңгелектер құрамы -5 градус температурада өз қасиеттерін айтарлықтай өзгертеді. Көлік жүргізу ғана емес, жай оталдыру немесе тежеу қиын болады. Күн суытқанда жаздық дөңгелектермен жүру қауіпті. Сондықтан біздің елде дөңгелектерді ауыстыру - қажеттілік. Өйткені бұл күн суытқанда, барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы. Мұны тәртіп сақшылары да әрдайым ескертеді. Жүргізушілердің ойы да сол, өзің және өзгенің өмірі үшін алдын ала қамданған дұрыс деген пікірде.Количество показов: 7
Дата создания: 02.12.2025 08:33:24



















