«Жайсан» өткізу бекетіндегі мәселе көпшіліктің талқысына түсті
«Жайсан» өткізу бекетінде көлік кезегі пайда болып, бірқатар кедергілер орын алған. Бұл мәселе Ресейдің "Сагарчин" бекетіндегі жолақтар санының аздығынан туындаған. Мәселені шешу үшін Орынбор облысындағы уәкілге өтініш беріліп, алдағы уақытта 2 жолақты тасжолды 10 жолаққа дейін создыру көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылған жиында талқыланды. Одан бөлке бизнес үшін әкімшілік тосқауылдарды жою, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жетілдіру сұрақтары да көпшілік талқысына түсті. Аталған шаралар шекарадағы кезектерді азайту және халықаралық автомобиль тасымалына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар, қылмыстық қудалаудың орнына ресми ескертулер мен алдын алу әңгімелері жүргізіп, Big Data және жасанды интеллект көмегімен көлеңкелі экономика тәуекелдері анықталады деп жоспарлануда. Фитосанитарлық зертханалар ашу арқылы бақылау уақытын қысқарту және тасымалдаушылар үшін күту мерзімін азайту жоспарланып отыр. Кеңес барысында облыстық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдағы мәселелер бойынша ұсыныстар жинақтап, оларды "Атамекен" ҰКП орталық аппаратына жолдамақ.Количество показов: 7
Дата создания: 14.03.2026 07:41:45



















