«Жайсан» шекаралық бақылау-өткізу бекетінде көліктер кептелісте тұр
Мәртөк ауданындағы «Жайсан» шекаралық бақылау-өткізу бекетіндегі Ресеймен шекаралас аймақта ауыр жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Ұзын-сонар кезекке көрші мемлекеттің шекарадан визасыз өту үшін QR-кодты міндетті түрде пайдалану жөніндегі жаңа тәртіптің енгізілуі себеп. Көліктер шекаралық бекеттен өте баяу өтіп жатыр. Жүргізушілер бірнеше сағат бойы кезек күтуге мәжбүр. Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары мен №20982 әскери бөлімінің қызметшілері шұғыл аттанды. Құтқарушылар мен әскерилер жүргізушілерге жедел көмек ұйымдастырып, ыстық тамақ, ауыз сумен қамтып, медициналық көмек көрсетті. Санитарлық бақылау жүргізіліп, қажетті ақпараттық қолдау көрсетілуде. Төтеншеліктер жағдайдың тұрақты бақылауда екенін жеткізді. Жүргізушілерге қажетті көмекті көрсету бойынша барлық шаралар уақтылы қабылданып, ахуалды тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екінші ауысыммен құтқаруышлар Жайсаң бекетіне тағы кеткен. Ал, кептелістің қашанға дейін созылатыны белгісіз.Количество показов: 16
Дата создания: 02.07.2025 06:41:43