Жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды ретке келтіру жұмыстары жалғасып жатыр
Марьесев көшесінің бойында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұнда жаяу жүргіншілерге ыңғайлы жаңа тротуар салынып, жол жиегі абаттандырылуда. Жауаптылардың сөзінше, ауа райы қолайлы болса, жұмысты қар түскенге дейін бітіру жоспарланған. Алайда бұл маңда күнделікті жүріп-тұратын тұрғындардың пікірі басқаша. Жұртшылық тротуар салынғанмен жұмыстың қарқынына көңіліміз толмайды дейді. Кейбірінің сөзінше, жаяу жүргіншілер жолын салуда олқылықтар көп. Қолайсыздық тудырғаны былай тұрсын, жөндеу жұмыстары талапқа сай жүрмейді. Тазалық, тәртіпті сақтау мәселелері ақсап тұр. Тротуар мәселесі тек Марьесев көшесімен шектелмейді. Қаланың орталық бөлігінің өзінде жаяу жүргіншілер жолдарының жағдайы мәз емес. Ал базар маңы мен шеткі аудандарда да бұл мәселе өзекті. Тұрғындар әсіресе шеткі аумақтардағы жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіруге басымдық берілсе деп отыр.Количество показов: 12
Дата создания: 07.10.2026 09:21:29



















