Жаяу жүргіншілер жолына малта тасының зияны бар ма?
Қаламыздағы Ш.Уәлиханов көшесінің белгілі бір учаскесіне жаяу жүргінші тротуары үшін қолданылғалы жатқан малтатасқа қатысты сұрақ көбейді. Мамандардың айтуынша, бұл материал жолдың негізіне арналмаған және оның қоршаған ортаға қауіпсіздігі тексерілуі тиіс. Уәлиханов көшесі бойы, яғни Жанқожа батыр көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін салынып жатқан тротуарларда қиыршық тастың орнына малта тас төселмек. Бұл тұрғындар мен қоғам белсенділерінің күмәнін туғызған. Себебі қоғам белсендісі Александр Мандрыкиннің айтуынша, малта тас жаяу жүргіншілер жолына арналмаған. Себебі материал уақыт өте келе орынанан жылжып, жолдың беріктігіне кері әсер етуі мүмкін. Александр Мандрыкин алты валентті хром қосылыстары болады деп те қорқады. Аталған қосылысты жаяу жүргіншілер жолына пайдалануға болмайтынын жеткізді. Бұл - адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте қауіпті және токсикалық, канцерогенді зат болып табылады. Тыныс алу жолдарына түссе, түрлі ауру тудыруы ықтимал. Ал экологиялық зардаптары топыраққа түсіп, жерасты суларын уландырады, дейді ол. Қоғам белсендісі ең алдымен құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес қандай материал қолданылуы тиіс екені тексерілуі қажеттігін айтады. Оның айтуынша, құрылыс, тротуар плиталарын өндіру немесе жол төсеу кезінде экологиялық талаптар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Бұдан бөлек, малта тастың қайдан жеткізілгеніне де назар аударуды ұсынады. Егер ол өзен арнасынан алынған болса, оның құрамына химиялық талдау жүргізілгені жөн. Әсіресе, алты валентті хромның болуы немесе болмауы зертханалық сараптамамен анықталуы тиіс, дейді ол. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл Алматы ауданында Ескі қала мен Құрмыш тұрғын алаптарында жалпы аумағы 11 500 шаршы метр тротуар салу жоспарланған. Қазір жұмыстар Автовокзалдан Ломоносов көшесіне дейінгі учаскеде жүргізілуде. Кейін мердігер Әйтеке би көшесіне көшеді. Олардың айтуынша, Уәлиханов көшесіне түрлі-түсті тас төсеуіш төселеді. Ал "тротуарға қиыршық тастың орнына өзеннің малтатасы төселіп жатыр" деген ақпаратты растамады олар. Қазір құрылысшылар жолдың негізін дайындау жұмыстарын жүргізуде. Мамандардың айтуынша, барлық жұмыс құрылыс талаптары мен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалып жатыр.Количество показов: 9
Дата создания: 30.06.2026 08:01:06



















