Жауапты мамандар ауыз су тарифіндегі өзгерістерді пысықтады
Су - құнды ресурс. Жаңа тариф енгізілгелі суды тұтынудағы көлемнің төмендеуін байқап отырмыз,-дейді жауаптылар. 2030 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 15 %-ға жетуі мүмкін. Сондықтан болашақ ұрпақты да ойлай отыра, су ресурстарын қазірден дұрыс пайдалану керек екенін тілге тиек етті. Су ресурстарын тұтыну мәдениетін арттыру және тұтынушыларды суды үнемдеуге ынталандыру, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін су ресурстарын сақтау мақсатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті суды тұтыну көлеміне қарай жоғары тарифтерді белгілеуге бағытталған жеке тұлғалар үшін "тұтынудың әлеуметтік нормаларын" енгізген болатын.Суды тұтынудағы әлеуметтік норма 4 бағыт бойынша жүзеге асатын болады. Суды белгіленген межеден көп мөлшерде пайдаланған сайын, құны да өзгеріп отырады. Осылайша, осы нормаларды енгізу инженерлік инфрақұрылымның тозуын азайтуды қамтамасыз етуге, сумен жабдықтау қызметтерінің сапасы мен сенімділігін жақсартуға, сондай-ақ тұтынушыларды сумен жабдықтау қызметтерін пайдалануға неғұрлым ұқыпты қарауға ынталандыруға мүмкіндік береді- дейді департаменттегілер.
Количество показов: 21
Дата создания: 12.06.2025 10:24:35